Халықаралық Almaty Food Fest 2024 гастро-фестивалі өтеді

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 23 тамыз

Алматы қаласында үшінші рет Almaty Food Fest 2024 гастро-фестивалі ұйымдастырылады, деп хабарлайды standard.kz.

- Гастрономиялық фестиваль 24-25 тамыз күндері Абай алаңында өтеді. Іс-шара барысында мәдени-аспаздық байқаулар, ұтыс ойындары болады, танымал эстарада жұлдыздары өнер көрсетеді. Фестивальге Қытай, Иран, Пәкістан, Қырғызстан, Тәжікстан, Беларус, Ресей және Қазақстанның аспаздары қатысады. Іс-шара мақсаты - Алматыны әлемдік жетекші гастрономиялық орталықтардың бірі ретінде таныту. Әр халықтың асханасы - оның жаны, тарихы және дәстүрі. Бүгінгі турист басқа елдің мәдениетімен сол елдің тағамдары арқылы танысады, - деді Алматы қаласы Туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова.

Сондай-ақ Ғалия Тоқсейітова фестиваль кезінде Алматының бірқатар мейрамханаларында алма қосылған арнайы мәзір ұсынылатынын атап өтті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото