- Барлық ақпарат
Еліміз жаңа энергетикалық қалалық автобустардың қуат батареяларын ауыстыруды жеделдетеді
22 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың Индустрия және ақпараттық технологиялар министрлігі 21 тамызда Қытайдың тиісті ведомстволары жаңа энергия көздерін пайдаланатын қалалық автобустардың батереяларын жаңарту жоспарын жариялағанын хабарлады.
Қытайдың сегіз департаменті әзірлеген жоспарға сәйкес, жаңартылған батереялар мен жаңартылған көліктердің сапасы мемлекеттік міндетті стандарттарға сай болуы керек.
Жоспарда әрбір ауыстырылған батарея қайта өңделіп, ауыстыру процесі есепке алынуы қажет екендігі баса айтылған.
Қытай бұған дейін қалалық автобустардың батереяларын жаңартуға әртүрлі ынталандырулар енгізген еді. Соның ішінде әр автобус үшін орташа есеппен 60 000 юань (шамамен 8845,1 АҚШ доллары) субсидия және қуат батареяларын ауыстыру үшін бір көлікке 42 000 юань субсидия бөліп отырған.
people.cn © People's Daily Online