AS700 басқарылатын отандық дирижабль алғаш рет өлкелер арасында ұшты

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 22 тамыз

22 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 21 тамызда тілшінің Қытай Авиация өнеркәсібі корпорациясынан алған ақпаратына сәйкес, корпорацияның еншілес кәсіпорнының арнайы авиациялық зерттеулер институты дербес әзірлеген «Сянъюнь» AS700 басқарылатын дирижаблі алғаш рет Хубэй, Хунань және Гуанси өлкелерін кесіп өтіп, 1000 шақырымға жуық ұшты. Хубэй өлкесінің Цзинмэнь қаласынан Гуанси өлкесінің Гуйлинь қаласына ұшуды сәтті аяқтады. Бұл - елімізде басқарылатын дирижабльдер саласында қол жеткізілген ең ұзақ ұшу уақыты мен ұшу қашықтығы.

«Сянъюнь» AS700 басқарылатын дирижаблі жасыл, төмен көміртекті, қауіпсіз және үнемді сипаттамаларға ие, қысқа қашықтықта тік ұшып-тік қонуды жүзеге асыра алады. Төмен биіктіктегі туризмді дамытумен қатар, ол «төмен биіктік + көлік логистикасы», «төмен биіктік + интеллектуалды маркшейдерлік іс және картаға түсіру», «төмен биіктік + авариялық-құтқару» және «төмен биіктік + қалалық қауіпсіздік» сияқты көп сценарийлік қосымшаларды жүзеге асыра алады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото