Қазақстан нарығына жаңа такси қызметі кіруі мүмкін

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 21 тамыз

Эстониялық Bolt компаниясы такси саласында Қазақстанмен ынтымақтастық орнату мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы ҚР Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында Қазақстанның Көлік министрі Марат Қарабаев айтты деп жазды ҚазАқпарат.

«Басқа да халықаралық агрегаторлар да біздің нарыққа кіруді пысықтап жатыр. Мәселен, Bolt компаниясынан ұсыныс болды. Бұл эстониялық компания Еуропадағы өте танымал. Олар бізге хабарласып, еліміздің нарығын қарастырып отыр. Егер осы компания бұл қызметті іске қосу туралы шешім қабылдаса, біз оларды қолдаймыз», - деді М. Қарабаев.

Оның пайымынша, жаңа компания нарыққа кірсе, осы бәсекелестік Қазақстанда такси тарифін төмендетуге ықпал тетеді.

Айта кетейік, бұған дейін рулі оң жақтағы такси көліктеріне қатысты шектеу енгізілетінін жазған болатын.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото