Әлемдегі ең қарт Мария Браньяс 117 жасында қайтыс болды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 21 тамыз

Әлемдегі ең қарт адам атанған Испаниядағы Мария Браньяс 117 жасында қарттар үйінде қайтыс болды, деп жазады ҚазАқпарат.

— Мария Браньяс өзі қалағандай қайтыс болды: тыныш ұйқыда, еш ауыртпалықсыз,-деп жазды оның X әлеуметтік желісіндегі аккаунты.

Дүйсенбі күні ол өзінің қатты әлсірегенін, өмірінің соңы таяп келе жатқанын айтқан.

Мария Браньяс Гиннестің рекордтар кітабына сәйкес 4 наурызда өзінің 117 жасын атап өтті және 2023 жылдың қаңтарында әлемдегі ең қарт адам атанды.

Ол 1907 жылы Сан-Францискода (Калифорния) дүниеге келді, содан кейін жеті жасында отбасымен Испанияға көшіп келді.

Браняс ғалымдарға оның ерекше ұзақ өмір сүруін зерттеуге рұқсат берді. Ол ұзақ өмір сүрудің сырына әрқашан сәттілікте, тәртіп пен тыныштыққа, отбасымен және достарымен жақсы қарым-қатынасқа, табиғатпен байланысқа, эмоционалды тұрақтылыққа, уайым мен өкініштің болмауына, көп позитивтілікке және улы заттардан аулақ болуды жатқызды.

117 жасқа толғаннан кейін Браньяс тарихтағы жасы ресми түрде расталған 12-ші ең қарт адам болды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото