Ұлы Қытай қорғанында дронмен жедел жолдама жеткізу желісі ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 19 тамыз

19 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Бейжің Бадалин Ұлы Қытай қорғаны туристік аймағында алғашқы дронмен жедел жолдама тасу желісі ашылды. Қазіргі уақытта бұл «әуе дәлізі» қону алаңы маңындағы туристерге ыстықтан сақтану, апаттық-құтқару және басқа да материалдарын жеткізу сияқты қызметтерді ұсына алады. Мәліметтерге сәйкес, Бейжіңде дронмен жедел жолдама жеткізу алғаш рет іске қосылып отыр.

Әуе экспрессінің базалық нүктесі Бадалиндегі Ұлы Қытай қорғанының ұзартқыш желісіндегі №9 оңтүстік мұнарасында орналасқан. Мұнараның айналасы 2023 жылдың соңында жұртшылық үшін ашылған. Бадалин Ұлы Қытай қорғанының басқа ашық жерлеріндегі құрылғылары кемелді, ғимараттардың қалпына келтірілуі жақсы болуы сияқты ерекшеліктерімен салыстырғанда бұл жаңа аумақ осы өңірдің бастапқы қалпын, бұзылмаған архитектуралық келбетін мүмкіндігінше сақтап қалған, сондықтан бұл арада бөлшек сауда дүкені жоқ. Мұнда ашық ауада серуендеушілер, қатерлерді бағындырып жаяу жүрушілер, Ұлы Қытай қорғанын зерттеушілер және фотограф әуесқойлары сынды туристерге ауыз су сияқты қажеттіліктермен қамдай алмау қиындықтарын туғызады.

Бұл мәселені шешу үшін Бадалин туристік аймағын басқару департаменті бір жедел жеткізу платформасымен ынтымақтастыққа қол жеткізіп, дрондарды пайдаланып жеткізу бағытын іске қосты. Оңтүстік тоғызыншы қабаттағы жеткізу пунктіне келгеннен кейін туристер ұялы телефондарымен QR кодын сканерлеп, азық-түлікке немесе басқа да қажетті заттарға тапсырыс бере алады. Тапсырыс берілген өнімдер бес минут ішінде дронмен жеткізіледі. Бұрын бұл жерден ең жақын бөлшек сауда дүкеніне дейін жаяу жүру үшін кемінде 50 минут қажет болатын.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото