2024 жылдан бастап Жеменей шекарасы арқылы Қытай-Қазақстан арасындағы кіріп-шыққан жолаушылар саны 70 000-нан асты

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 19 тамыз

19 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 2024 жылдың 1 қаңтары мен 16 тамызы аралығында Шыңжаң Ұйғыр автономиялық регионы Жеменей бақылау-өткізу пункті арқылы Қытай-Қазақстан шекарасына кіріп-шыққан адамдардың саны 70 000-нан асты. Бұл рекордтық көрсеткіш.

Шекара жауапты тұлғасы жолаушылар ағынының ұлғаюына байланысты шекара инспекциясы бюросы кедендік ресімдеудің тиімділігін арттыру үшін бірқатар шаралар қабылдағанын жеткізді. Соның ішінде қарбалас уақытта болжау және ерте ескерту механизмін оңтайландыруды және күту уақытын қысқарту үшін жолаушыларды кедендік рәсімдеу басқаруын күшейткенін айтты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото