Zhubanov University ғалымдары қытайлық ғалымдармен бірге отқа төзімді полимерлерді әзірлеуде

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 19 тамыз

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің шетелдің жетекші университеттерінен шетелдік сарапшыларды тарту саясатына сәйкес Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіне өртке төзімді полимерлерді әзірлеумен айналысатын ғылыми топ өкілдері келді. Топ құрамында Қытай ғылым және технологиялар университетінің ғалымдары Юань Ху, Синь Ван, Джисин Джу, Сянган Политехникалық университетінің профессоры Бин Фей және Тунцзи университетінің профессоры Дженгжоу Ван бар. Профессор Юань Ху отқа төзімді материалдарды зерттеуде 30 жылдан астам тәжірибесі бар, 600-ден астам мақала жариялады және 70-тен астам патент алды. Профессор Синь Ван 200-ден астам ғылыми мақалалардың авторы, хирш индексі – 70. Профессорлар Бен Фей мен Дженжоу Ван экологиялық таза отқа төзімді материалдарды зерттеу саласында 200-ге жуық мақала жариялады, ал Джисин Джу өртке қарсы қауіпсіздікті басқарудың интеллектуалды жүйелерін зерттейді. Сарапшылар университет ғалымдарымен бірлесіп өртке төзімділігі жоғары материалдар жасау бағыты бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысып, тәжірибелерімен бөліседі. Бірлескен жоба полимерлер мен полимерлі композиттер негізінде көпфункционалды, отқа төзімді материалдарды жасау технологиясын дайындауға бағытталған. Жоба жетекшісі – Жұбанов университетінің ғалымы Әмірбек Бекешев. Шетелдік профессорлардың әрқайсысы осы бағыттағы міндеттерді кезең-кезеңімен жүзеге асыруға өз үлесін қосады деп күтілуде.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото