Шыңжаңда 61 000 5G базалық станциясы салынып, пайдаланушы саны 15,644 млн болды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 16 тамыз

16 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Маусым айының соңындағы жағдай бойынша Шыңжаңда барлығы 61 000 5G базалық станциясы салынды, ал 5G пайдаланушыларының саны 15,644 миллионға жетті. Бұл туралы тілші жақында Индустрия және ақпараттық технологиялар министрлігінің ақпараттық насихат орталығы мен Шыңжаң байланыс басқармасы бірлесіп ұйымдастырған «Кең жолақты шекара және сигналдарды жаңарту» медиа-турының Шыңжаңдағы іс-шарасынан білді.

Биылдың маусым айындағы жағдай бойынша Шыңжаңдағы бүкіл телекоммуникациялық қызметтердің жалпы көлемі 18,90 миллиард юаньға, ал телекоммуникациялық қызметтерден түсетін кірістер 15,44 миллиард юаньға жетті. Өңір бойынша барлығы 61 000 5G базалық станциясы салынды. Тіркелген телефондарды пайдаланушылардың жалпы саны 4,078 миллионды құрады, ал ұялы телефондарды пайдаланушылардың жалпы саны 30,571 миллионға жетті, оның ішінде 5G пайдаланушыларының саны 15,644 миллион. Интернетке тіркелген кең жолақты пайдаланушылардың жалпы саны 13,526 миллионды құрайды, оның 92,9%-ы 100 мегабайттан астам пайдаланушылар, 29%-ы гигабиттік пайдаланушылар.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Zhao Jian)

Фото