Қазақстандық жастардың 80%-ы отбасын басты құндылық деп санайды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 16 тамыз

Қазақстан «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне «Қазақстан жастары» әлеуметтік зерттеуінің нәтижелерін таныстырды деп жазды ҚазАқпарат.

Қазақстандық сарапшылар жастар ортасындағы басты құндылықтар мен мүдделерді атап өтті. Зерттеуге 14 пен 34 жас аралығындағы 2000 респондент қатысты.

Сауалнама нәтижелері бойынша көпшілігі (80,1%) отбасын негізгі өмірлік құндылық деп санайды. Осындай нәтижелердің қорытындысы төрт жыл қатарынан көрінуде.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Zhao Jian)

Фото