Бейжің Шетел тілдері университетінің студенттер тобы Қазақстанға барды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 16 тамыз

16 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 2024 жылдың 11-15 тамызы аралығында Бейжің Шетел тілдері университеті студенттерінің шетелдегі әлеуметтік тәжірибе тобы Қазақстанға барып, тиісті ғылыми-зерттеу және алмасу жұмыстарын жүргізді. Осы кезеңде Қытайдың Қазақстандағы Елшісі Чжан Сяо тәжірибелік топты ыстық ықыласпен қарсы алып, жетекші оқытушылармен және студенттермен пікір алмасып, Бейжің Шетел тілдері университеті қонақтарын Қазақстан дамуының жаңа үлгісін түсінуге және Қытай мен Қазақстан арасындағы өзара өркениет сабақтастығын ілгерілетуге шақырды.

Елші Чжан Сяо «Бір белдеу, бір жол» құрылысының арқасында Қазақстан қарқынды экономикалық дамуға қол жеткізгенін айтты. Елші Қазақстанның 2023 жылы экономикалық өсу қарқыны 5,1%-ды құрап, негізгі салалары дамудың оң тенденциясын көрсеткенін жеткізді. Ресми өкілдің айтуынша Қазақстанның жалпы ЖІӨ 261,4 миллиард АҚШ долларына жетіп, Орталық Азияның бес елінің ішінде бірінші орында тұр. Жан басына шаққандағы ЖІӨ 13 070 АҚШ долларына дейін ұлғайған. Бұл Орталық Азиядағы орташа көрсеткіштен асып қана қоймай, әлемдік орташа деңгейден сәл жоғары меже. Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда көлемі 2022 жылғы 24,2 миллиард АҚШ долларынан 2023 жылы 31,5 миллиард АҚШ долларына дейін өсіп, қазіргі уақытта Қытай Қазақстанның ең ірі сауда серіктесіне айналды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Zhao Jian)

Фото