- Барлық ақпарат
Шыңжаң Аршаты қорығына алғаш рет ауқымды ғылыми зерттеу жүргізу нәтижелі болды
(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 15 тамыз
15 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Шыңжаңда 30-дан астам зерттеуші алғаш рет бір айға жуық уақыт бойы Аршаты қорығына ауқымды ғылыми зерттеуді бастады.
Алдын ала статистикаға сәйкес, қазіргі уақытта құрлықтағы жануарлар тобы жабайы табиғаттың 200-ден 300-ге дейін түрінің деректерін тапты.
Олардың ішінде құрлықтағы омыртқалылардың 70-тен астам түрі, аңдардың 3 түрі, құстардың 60-қа жуық түрі, бауырымен жорғалаушылардың 2 түрі және қосмекенділердің 2-ден 3-ке дейін түрі бар. Сонымен қатар жәндіктердің 120-дан астам үлгісі жиналды.
Аршаты Шыңжаңның Бұратала облысындағы Алатау тауының солтүстік етегінде орналасқан. Бұған дейін бірде-бір кәсіби ғылыми-зерттеу тобы бұл қорыққа кіріп, жүйелі ғылыми-зерттеу жүргізіп көрмеген болатын.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Renato Lu)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online