- Барлық ақпарат
Юньнань өлкесінде жабайы саңырауқұлақтар ғылыми көрме залы ашылды
14 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Юньнань халқы саңырауқұлақтарды жегенді ғана жақсы көріп қоймай, сонымен бірге олардың көрме залын ашты. Юньнань өлкесінің Чусунь И автономиялық облысы Наньхуа ауданында орналасқан Юньнань•Наньхуа жабайы саңырауқұлақтар ғылыми көрме залы келушілерді әртүрлі пішіндегі жабайы саңырауқұлақтардың үлгілерімен таң қалдырады.
8 тамызда Юньнань•Наньхуа халықаралық жабайы саңырауқұлақтар сауда орталығы ашылды, ал осы арада орналасқан Юньнань•Наньхуа жабайы саңырауқұлақтар ғылыми көрме залы да ресми түрде жұртшылық үшін ашылды.
Бұл залда жабайы саңырауқұлақтардың 500-ден астам данасы және әртүрлі пішіндегі 200-ден астам үлгі түрі бар.
Юньнань өлкесінің орталығында орналасқан Наньхуа ауданы өзінің ерекше климатының арқасында жабайы саңырауқұлақтардың 1021 түрін, оның ішінде жеуге жарамды жабайы саңырауқұлақтардың 354 түрін өсірді. Ол «жабайы саңырауқұлақтар әлемі» және «Қытайдағы жабайы саңырауқұлақтардың мекені» деген атаққа ие. Наньхуа ауданындағы 2,5 миллион муға жуық орманды алқапта жабайы жеуге жарамды саңырауқұлақтардың әртүрлі түрлері өседі, ал жабайы саңырауқұлақтар ресурстарының жылдық қоры 15 000 тоннадан асады.
people.cn © People's Daily Online