Оңтүстік Кореяға сүт және Жапонияға жылқы еті жеткізіледі – Қазақстанның экспорты қаншалықты өзгерді

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 14 тамыз

Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын дамытуға екпін қойып отыр, яғни бұл тұрғыда әлемдік нарықтағы орны нығайып, жеткізу бағыттары кеңейтіліп жатыр. Қазақстан бірқатар серіктес елдерге мал, сүт өнімдерін, бал, шұжық және консерві сынды тауарлардың кең ауқымын экспорттап отыр деп жазды ҚазАқпарат.

Қазақстандағы компаниялар ЕАЭО, ТМД елдеріне, сондай-ақ Иран, Қытай, Моңғолия, БАӘ және Сауд Арабиясына ірі қара мен ұсақ малды, жылқы және түйені жеткізумен айналасып келеді.

Атап айтқанда, ЕАЭО мен ТМД елдеріне, Иран, Оңтүстік Корея және Қытайға консервілер, шұжық әрі сүт өнімдері, балық экспортталады. Сонымен қатар, қой және жылқы еті ЕАЭО мен ТМД-ға, Иран, Қытай, БАӘ, Сауд Арабиясы және Жапонияға жеткізіліп отыр.

Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы экспортының 70 пайызы ШЫҰ елдеріне жіберілді, яғни оның сомасы 3,8 миллиард доллардан асты.

Жақында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қазақстанның 80 елге, соның ішінде Орталық Азия мен ЕАЭО мемлекеттеріне ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізіп жатқанын айтып өтті. Бұл тұрғыда Қазақстан әлемдегі ең ірі азық-түлік экспорттаушыларының 25-інің қатарында. Кейінгі бес жылда ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты екі есе өсіп, 5,4 миллиард долларға жетті. Қазақстан экспорттық көрсеткіштерін одан әрі арттыру үшін 2029 жылға қарай экспортты екі есеге өсірмек.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Zhao Jian)

Фото