Елімізде генеративті жасанды интеллект қызметтерінің 190-нан астам ірі моделі бар

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 13 тамыз

13 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Орталық интернет-ақпарат басқармасының директоры Чжуан Жунвэнь бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұқбатында осы уақытқа дейін Қытайда жасанды интеллект қызметтерінің 190-нан астам генеративті моделі ұсынылып, іске қосылғанын және халыққа қызмет көрсете алатынын айтты. Оған тіркелген пайдаланушылар саны 600 млн-нан асады.

Орталық интернет-ақпарат басқармасының директоры Чжуан Жунвэнь соңғы жылдары генеративті жасанды интеллект қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Генеративті жасанды интеллектті дамыту мен басқаруды белсенді түрде ілгерілету - интернет-ақпарат жұмысының маңызды жауапкершілігі.

2023 жылғы шілдеде еліміз жаһандық ауқымда тиісті заңнаманы жүзеге асыруға бастама жасап, «Генеративті жасанды интеллект қызметтерін басқарудың уақытша шараларын» шығарды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Zhao Jian)

Фото