Ганьсу логистикалық тобының өлкелер ара ынтымақтасқан алғашқы Орталық Азиядан қайтқан пойызы ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 13 тамыз

13 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің Ганьсу логистикалық тобынан алған мәліметіне сәйкес, жақында Ганьсу логистикалық тобының Луган логистикалық компаниясы және Шаньси логистикалық тобына қарасты Чанъань (Сиань) халықаралық сауда компаниясы бірлесіп жасаған алғашқы Орталық Азиядан қайтқан пойыз Ланьчжоуға келді.

Орталық Азиядан қайтқан пойызға 1325 тонна жем бидайы тиелген. Олар Қазақстанның Арқалақ қаласынан жөнелтіліп, Қорғас порты арқылы Ланьчжоуға жетті. Ол өңделгеннен кейін, айналадағы жем зауыттарына тасымалданып, аймақтағы жем өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамдауды оңтайландырады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Zhao Jian)

Фото