Отандық ауқымды ұшқышсыз көлік ұшағы алғашқы рейсін сәтті орындады

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 12 тамыз

12 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 11 тамызда еліміз дербес әзірлеген ауқымды қос қозғалтқышты ұшқышсыз көлік ұшағы Сычуаньның Цзыгун қаласындағы Фэнмин жалпы авиациялық әуежайында алғашқы ұшу сынағын өткізді және оның алғашқы рейсі сәтті болды.

Алғашқы ұшу сынағы шамамен 20 минутқа созылды, ұшу кезінде жүйелер қалыпты жұмыс істеді. Ұшқышсыз ұшу аппаратының бұл түрінің қанатының ұзындығы 16,1 метр, биіктігі 4,6 метр. Оның жүк тиеу ауданы 12 текше метр, жүк көтергіштігі 2 тонна. Қазіргі уақытта бұл нарықтағы сұранысқа сәйкес әзірленген ел ішіндегі ең ірі және ұлттық деңгейде шығарылатын ауқымды ұшқышсыз көлік ұшағы. Сонымен қатар ұшақ қолайлы тиеу-түсіру, жоғары сенімділік, жоғары қауіпсіздік және жоғары интеллект сипаттамаларына ие.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Zhao Jian)

Фото