Астанада Абайдың үлкен цифрлық портреті пайда болды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 12 тамыз

Қазақстанның Елордасының сол жағалауында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының цифрлық бейнесі жұрт назарына ұсынылды. Ол 16 тамызға дейін көрсетіліп тұрады деп жазды ҚазАқпарат.

65 метрлік портрет 53 мың пиксельден астам жаңа LED жарықтандырумен жабдықталған.

Осыған дейін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі 10 тамызда Қазақстанда Абай күні атап өтілетінін хабарлады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Zhao Jian)

Фото