Си Цзиньпин қуатты және тұрақты заманауи шекара мен теңіз және әуе қорғанысын құруға күш салуды талап етті

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 1 тамыз

1 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Коммунистік Партиясы Орталық Комитеті Саяси бюросының 16-ншы ұжымдық үйренуі барысында Қытай Коммунистік Партиясы Орталық Комитетінің Бас Хатшысы Си Цзиньпин борыш және жауапкершілікті күшейтіп, идеялар мен шараларды жаңартып, қызметті мұхият жүзеге асыруды, сөйтіп берік және тұрақты заманауи шекара, теңіз және әуе қорғанысын құруға ұмтылу керектігін баса айтты.

Ол қазіргі уақытта Қытайдың шекара, теңіз және әуе қорғанысы жаңа мүмкіндіктер мен сынақтарға кездесіп отырғанын айтып, Жұмысты бірыңғай орналастыруды күшейту, ұлттық қорғаныс пен шекара қорғанысының жалпы қуатын арттыру қажеттігін атап көрсетті.

Төраға инфрақұрылымның өзара байланысын нығайту, бірлесіп салу және ортақ пайдалану, сондай-ақ қауіпсіздікті тиімді қамтамасыз ететін әрі дамуға әлеуетті қолдау көрсете алатын шекара, теңіз және әуе шабуылына қарсы қорғаныс құрылысын құру қажет екенін атап өтті.

Ол шекара, теңіз және әуе қорғанысы үшін жаңа әдістер мен жағдайлардың құрылысын күшейту, шекара, теңіз және әуе қорғанысын басқарудың үш өлшемді интеллектуалды жүйесін құру қажеттігін атап өтті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото