- Барлық ақпарат
Димаш Құдайберген Қытайдың «Singer 2024» байқауында өнер көрсетеді
(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 25 шілде
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайлық Хунань телеарнасының «Singer 2024» ән байқауының ақтық бәсекесінде өнер көрсетеді деп жазды ҚазАқпарат.
Қытайлық Weibo әлеуметтік желісінде тараған ақпаратқа сенсек, «Singer 2024» жобасының ақтық бәсекесі 26 шілде күні тікелей эфирде көрсетіледі.
Байқау шартына сәйкес, финалистер бірінші кезеңде арнайы шақырылған әншілермен жұптасып ән шырқайды.
Ал екінші кезеңге жолдама алған төрт әнші жекелей сында өзара мықтыны анықтайды.
Айта кетерлігі, Димаш ақтық бәсекенің алғашқы кезеңінде құрметті қонақ ретінде сахнаға шығып, «Singer 2024» байқауының қатысушысы Шанте Торрейн Мурмен бірге өнер көрсетеді.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online