- Барлық ақпарат
Париж-2024: Қазақстан мергендері Олимпиада қалашығына орналасты
Нысана көздеуден Қазақстанның ұлттық құрамасы Францияның Шатору қаласындағы Париж Олимпиадасының қалашығына табан тіреді.
ҚР Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мілім еткендей, Алматы қаласынан аттанған Қазақстандщық спортшыыларды Франциядағы Қазақстан елшілігінің өкілдері Шарль-де-Голль атындағы Париж қаласының әуежайынан күтіп алған.
Осыдан кейін Қазақстандық спортшылар қару-жарақ тексеруінен өтіп, орталықтан аккредитациясын алды. Кейін ұйымдастырушылар оларды арнайы автобуспен жарыс өтетін Шатору қаласына жеткізді.
Шатору – Франция астанасы Париждің оңтүстігінде 270 шақырым жерде орналасқан қала. Мұндағы нысана көздеу орталығында 27 шілде мен 5 тамыз аралығында нысана көздеу мен стенд атудан 15 жүлде жиынтығы үлестіріледі. Биылғы ойындар кезінде қатысушылар саны 360-тан 340-қа (170 еркек, 170 әйел) дейін азайғанын айта кетейік.
people.cn © People's Daily Online