Алпысты алқымдаған шетелдік профессор ондаған мың шақырым жол басып Қытайға келді

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 22 шілде

22 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 156 күн, 10 756 шақырым, 18 ел, 500-ден астам тарихи жерлер... Жақында Тунцзи университетінің Сәулет және қала құрылысы иниститутының профессоры Оле Боуман Нидерландының Амстердамынан Шанхайға қарай «Шығысқа сапар» атты велосипед саяхатын аяқтап, Тунцзи университетіне аман-есен жетті.

Өткен жылдың 19 қазанында Оле Боуман әлеуметтік платформада «Шығысқа сапар» жоспарын жариялап, Амстердамнан өзі жұмыс істейтін Тунцзи университетіне велосипедпен баруға шешім қабылдаған болатын. Ол жалғыз өзі велосипедке мініп, қыстан жазға дейін жол бойы әртүрлі ұқсамайтын халықтың әдет-ғұрпын, мәдени-әдеби мұраларын, архитектуралық тарихи орындарын және әртүрлі аймақтың табиғи ерекшеліктерін естелікке алуды армандаған болатын.

Оле Боуман бүкіл сапарын 18 кг велосипедімен және 45 кг жүгімен жүріп өтті. Жол бойы 3 рет велосипед доңғалағын жарып алады. Оның сапары 300-ге жуық өзен-бұлақты, 100-ге жуық тау-аңғарларын, 3 шөлді және 16 тілдік аймақты қамтып, 1000-ға жуық ерекше сәттер естелікке түсірілді. Осы жылдың ақпан айынан бастап ол әлеуметтік платформаларға «Шығысқа сапар» атты 30-ға жуық қытай және ағылшын тілдеріндегі естелік нұсқаларын жүктеді.

Саяхатшының көлікке мініп жүру барысын қоспағанда, велосипед үстінде де студенттерімен байланысын үзбеді. Профессор Оле Боуман жақында «Шығысқа сапарды» бір сабақ етіп ашып, студенттермен маршрутты бөлісіп, түсіндірді. Сондай-ақ студенттерді ізденуге, ғимараттардың білім жүйесі мен құндылық бағдарын терең зерттеуге шақырды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото