- Барлық ақпарат
Дәстүрлі қытай медицинасы мәдениеті Қытай мен Қазақстан арасында «жүректерді жалғайтын көпір» салды
3 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Қазақстандық Исмаил Дауров(Ма Вэньсюань)«Мен бөтен елденмін, бірақ бөтен емеспін» деген сөзімен бір кездері сансыз қытайлықты әсерлендірген еді. Бүгін Шэньси дәстүрлі қытай медицинасы университетінде Қытай медицинасы бойынша 8 жыл білім алып, Исмаил Дауров Қазақстанға оралып, Астанадағы Қытай-Қазақстан дәстүрлі медицина орталығында Қытай медицинасының дәрігері болып жұмыс істеп келеді.
«Массаж жасау арқылы қан тамырларды ашуға болады; ерменмен қақтап емдеу қуатты арттырып, денедегі суықты айдайды; лоңқа қою суықты айдап, қан айналымын жақсартады»,- деп клиникада Исмаил Дауров науқастарды мұқият емдеп, сабырлықпен оларға дәстүрлі Қытай медицинасының пайдасын түсіндіріп жатыр. «Қытайда дәстүрлі Қытай медицинасын оқыған 8 жыл - менің өмірімдегі ең бақытты сәттер. Мен Қазақстанға дәстүрлі Қытай медицинасын әкеліп, Қытай мен Қазақстан арасындағы алмасудың дәнекері болғым келеді», - дейді Исмаил Дауров.
people.cn © People's Daily Online