Астанада халықаралық коммуникация «Жібек жолы сыйлығы» туындыларын жинау рәсімі өтті

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 1 шілде

1 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- «Халық газеті» мен қазақстандық БАҚ-тың «Бір белдеу, бір жолды» жоғары сапада ортақ салудағы бірлескен сұқбатының нәтижелерін бөлісу жиналысы 29 маусым күні Қазақстанның елордасы Астанада өтті. Жиналыста халықаралық коммуникация «Жібек жолы сыйлығы» туындыларын жинау рәсімі өтті.

Астанада халықаралық коммуникация «Жібек жолы сыйлығы» туындыларын жинау рәсімі өтті

Астанада халықаралық коммуникация «Жібек жолы сыйлығы» туындыларын жинау рәсімі өтті

«Халық газетінің» шетелмен байланыс және ынтымақтастық бөлімінің басшысы Се Сян халықаралық коммуникация «Жібек жолы сыйлығын» «Бір белдеу, бір жол» жаңалықтар ынтымақтастығы альянсы ұйымдастыратынын айтты. Екінші кезекті сыйлықтың іріктеуі осы жылдың сәуір айында басталды. Марапаттар 4 санатқа бөлінеді, атап айтқанда, «үздік репортаж» сыйлығы, «үздік кинематография» сыйлығы, «үздік бейне» сыйлығы және «үздік инновация» сыйлығы. 2021 жылдың қыркүйегінен бастап жарияланған «Бір белдеу, бір жол» бастамасын қолдайтын, Жібек жолы рухын жеткізетін, өркениеттер мен өзара білім алмасуды бейнелейтін, тағдыры ортақ адамзат қауымдастығы тұжырымдамасына сәйкес келетін және халықаралық коммуникацияда жақсы нәтижеге ие болған еңбектер қатысуына болады. Қазақстандық БАҚ өкілдерін бұл марапатта бағын сынауға шақырамыз.

«Халық газетінің» шетелмен байланыс және ынтымақтастық бөлімінің басшысы Се Сян сөз сөйледі

«Халық газетінің» шетелмен байланыс және ынтымақтастық бөлімінің басшысы Се Сян сөз сөйледі

«Бір белдеу, бір жол» жаңалықтар ынтымақтастығы альянсын «Халық газеті» бас болып, әртүрлі елдердің медиа ұйымдарымен бірге құрған. Қазіргі уақытта 109 елден 267 БАҚ, оның ішінде 12 қазақстандық БАҚ өкілдері бар. Қазақстан Республикасы Президентінің радио және телевидение бас басқармасы басқарушы мекеме қызметін атқарады. Қазіргі уақытта альянс «Бір белдеу, бір жол» ынтымақтастығы аясындағы ең ауқымды, қамтуы ең кең және мүшелері саны ең көп маңызды медиа ынтымақтастық платформасына айналды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото