- Барлық ақпарат
Янчжоуда Қытайдың Даюньхэ мәдениетін желіде хабарлау іс-шарасы басталды
25 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың Даюньхэсы (Қытайдың Үлкен каналдары) Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгеніне 10 жыл толуына орай 22 маусымда Янчжоуда орталық Интернет қауіпсіздігі және ақпараттандыру комитеті кеңсесі, мемлекеттік Мәдени жәдігерлер басқармасы, «Халық Газеті» және ҚКП Цзянсу өлкелік комитеті Интернет қауіпсіздігі және ақпараттандыру комитеті бірлесіп ұйымдастырған Қытайдың Даюньхэ мәдениетін желіде хабарлау іс-шарасы басталды. ҚКП Орталық Комитетінің Үгіт-насихат бөлімі министрінің орынбасары, орталық Интернет қаупсіздігі және ақпараттандыру комитеті кеңсесі директоры, ҚХР мемлекеттік Интернет-ақпарат кеңсесі директоры Чжуан Ронвэнь, ҚКП Цзянсу өлкелік комитеті хатшысының орынбасары, өлке басшысы Сюй Куньлинь, «Халық Газеті» бас редакторы Ю Шаолян, Мәдениет және туризм министрінің орынбасары және мемлекеттік Мәдени жәдігерлер басқармасының директоры Ли Чунь іс-шараға қатысып, сөз сөйледі.
Чжуан Ронвэнь биылғы жылы Қытайдың Даюньхэсы Дүниежүзілік мұралар тізіміне сәтті енгеніне 10 жыл толғанын атап көрсетті. Интернетті Даюньхэ мәдениетінің таралуына, жаңа дәуірдегі мәдениетке мұрагерлік ету мен дамуды ілгерілетуге, мыңжылдық су арналарын болашаққа және әлемге жол тартуына мүмкіндік ретінде пайдалану керек екенін көрсетті.
Сюй Куньлинь Цзянсу өлкесі Даюньхэ Ұлттық мәдени саябағының құрылысын ілгерілетуді жалғастыратынын және оңтүстіктің суын солтүстікке тасымалдаудың шығыс ағыны инженериясы болған Циншуй дәлізінің, Цзянхуай экологиялық дәлізінің жән Бейжің-Ханчжоу каналының жасыл заманауи кеме қатынасының жоғары сапалы «демонстрациялық үлгілерін» салуды жалғастыратынын атап өтті.
Ю Шаолян бұл іс-шара мыңжылдық каналдың ағынын одан әрі арындатып, осылайша Қытайдың көрнекті дәстүрлі мәдениетінің сұлулығын жұртшылыққа, әсіресе жастардың жүрегіне жеткізетіндігін айтты.
Ли Чунь жаңа тарихи бастапқы нүктеде тұрып, Си Цзиньпиннің мәдениет идеяларын терең жүзеге асыруды, Даюньхэның мәдени мұрасын қорғауды, мұрагерлік етуді және насихаттап таратуды нығайтып, Қытайды жұртшылықтың көбірек түсінуіне мүмкіндік беру қажеттігін атады.
Шараның басталу рәсімінде бірқатар тоғыспалы медиа жобалар шығарылды және Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгеніне 10 жыл толуына орай Даюньхэ Цзянсу бөлігінің маңызды археологиялық жетістіктері жарияланды.
Естеріңізге сала кетсек, Даюньхэ - Бұл Қытайдың ежелгі суды үнемдеу жобасы. Ол Бейжің-Ханчжоу Даюньхэсы, Шығыс Чжэцзян Даюньхэсы және Суй-Тан Даюньхэсын қамтиды. Даюньхэның жалпы ұзындығы 3200 шақырым. Бұл сондай-ақ ежелгі Қытайдағы солтүстік-оңтүстік трафиктің негізгі жолы болды.
people.cn © People's Daily Online