Қытай ғалымы бионикалық үш өлшемді архитектурасы бар алғашқы электронды теріні жасап шығарды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 5 маусым

5 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, Цинхуа университетінің Аэронавтика институты, икемді электроника технологиялары зертханасының профессоры Чжан Ихуйдің зерттеу тобы әлемде алғаш рет бионикалық үш өлшемді архитектурасы бар электронды тері жүйесінің жаңа түрін жасап шығарды. Ол физикалық деңгейде қысымның, үйкелістің және кернеудің үш механикалық сигналын бір уақытта декодтауды және қабылдауды жүзеге асыра алады. Ал қысым позициясының перцептивті ажыратымдылығы шамамен 0,1 мм құрайды, бұл нақты теріге жақын. Нәтижелер жақында «Science» халықаралық академиялық журналында жарияланды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото