- Барлық ақпарат
Чжанцзякоу 2029 жылғы сноуборд және фристайл бойынша әлем чемпионатының қабылдаушы қаласы болады
(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 5 маусым
5 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Бейжің уақытымен 5 маусымда таңертең Исландияның Рейкьявик қаласында Халықаралық қар федерациясының 55-ші съезі өтті. Чжанцзякоу қаласы сноуборд пен фристайлдан 2029 жылғы халықаралық қар федерациясының әлем чемпионатын қабылдаушы қала болды.
Сноубордтан және фристайлдан халықаралық қар федерациясының әлем чемпионаты екі жылда бір рет өткізіліп тұрады және Халықаралық қар федерациясы өткізетін ең жоғары деңгейдегі кешенді қар іс-шаралары болады. Чжанцзякоудағы 2029 жылғы әлем чемпионаты Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындарынан кейін еліміз өткізетін әлемдегі ең жоғары деңгейдегі қар жарысы, сонымен қатар бұл Қытайдың қар спортынан әлем чемпионатын бірінші рет өткізуі болып табылады.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online