Путин бесінші рет Ресей президенті қызметіне ресми кірісті

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 8 мамыр

Владимир Путин жаңа алты жылдық мерзімге Ресей президенті қызметіне ресми түрде кірісті. Бұл туралы Конституциялық сот төрағасы Валерий Зорькин мәлімдеді, деп хабарлайды КАZINFORM.

Путин халыққа ант берді.

Зорькин Путинге президенттік биліктің нышандарын, оның ішінде президенттік төсбелгі — Ресей Федерациясының елтаңбасы бейнеленген және алтын шынжырда «Игілік, абырой және даңқ» ұраны бейнеленген алтын Георгий кресті табыс етті.

Қызметке кірісу туралы мәлімдемеден кейін мемлекет басшысы сөз сөйледі.

Бұл — Путиннің мемлекет басшысы ретінде бесінші мерзімі.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото