Қытай «Чанъэ-6» ғарыш миссиясын сәтті ұшырды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 6 мамыр

6 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- «Чанъэ-6» зонды бар зымыран тасығыш Хайнань аралындағы «Вэньчан» спутниктік ұшыру орталығынан 3 мамырда сағат 17:27-де сәтті ұшырылды. Оның аясында кейінгі зерттеулер үшін Айдың аз зерттелген жағынан алғаш рет топырақ жиналады.

Қытай Айдың арғы жағына қонып, оның бетінен топырақ үлгілерін жинауы керек зондты іске қосты. 53 күндік миссия ғарышты игеру тарихында алғаш рет орындалып отыр.

Жоспарға сәйкес, ғарыш аппараты Ай орбитасына жетіп, содан кейін оның қону модулі Оңтүстік полюс-Эйткен бассейніне қонады. Бұл – Айдың Жерден ешқашан көрінбейтін және аз зерттелген алыс жағы.

«Чанъэ-6» бұрғылау қондырғысы мен роботтандырылған шөміш құрылғысының көмегімен шамамен 2 килограмм топырақ жинауы тиіс. Үлгілер арнайы контейнерлерге салынады. Модуль онымен бірге әуелі орбиталық аппаратқа, содан кейін Жерге оралады. Аппарат желтоқсан айының ортасында Қытайдың солтүстігіндегі Ішкі Моңғол аумағына қонады деп шамаланып отыр.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото