Қытай Кеме жасау корпорациясы СТГ кемелерін жасауға 18 тапсырыс алды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 30 сәуір

30 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 29 сәуірде Қытай Кеме жасау корпорациясы мен Qatar Energy Group Бейжіңде әлемдегі ең ірі 271 000 текше метрлік 18 сұйытылған табиғи газ тасымалдау (СТГ) кемесі жобасына қол қою рәсімін өткізді.

СТГ кемесі әлемдегі ең күрделі кеме түрлерінің бірі ретінде танылған. Минус 163 градус цельсийде СТГ тасымалдайтын «супер мұздатқыш». Бұл әлемдік кеме жасау өнеркәсібінің үш кереметінің бірі.

Кеменің бұл түрін Қытайдың Кеме жасау корпорациясының еншілес «Худун Чжунхуа» кәсіпорны дербес жобалап, құрастырады. Кеменің жалпы ұзындығы 344 метр, ені 53,6 метр, тереңдігі 27,2 метр және кеме бауырының жобалық суға бату тереңдігі 12 метр болады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото