Орталық Азия елдері қытайлық туристерді қарсы алады

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 30 сәуір

30 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Соңғы жылдары Орталық Азия қытайлық туристердің қызығушылығын арттыруда. Бұл, негізінен, оның бірегей туристік ресурстарына және мыңдаған жылдар бойғы барыс-келісіне байланысты қалыптасқан ерекше мәдениетіне қатысты.

2024 жыл басталып, саясат шетелге саяхаттау нарығын қалпына келтіруге көптеген шаралар қабылдап, нарыққа жаңа серпін берді. Көпшіліктің шетелге шығу белсенділігінің артуына байланысты Қытайдың Туризм ғылыми-зерттеу институты 2024 жылы Қытайдан шетелге шығатын туристердің саны 130 миллонға жетеді деп болжады.

Қытай мен Орталық Азияның бес елі туризмнің дамуына ықпал етуде жоғары стратегиялық консенсусқа ие.

Біріншіден, барлық елдер туризмді дамытуға үлкен мән береді.

Екіншіден, елдер туристік ынтымақтастықты екіжақты мәдени алмасулар мен практикалық ынтымақтастықтың маңызды саласы ретінде қарастырады. «Қытай-Орталық Азия саммитінің Сиань декларациясында» Қытай мен Орталық Азияның бес елі білім, ғылым, мәдениет және туризм саласындағы мәдени ынтымақтастықты, сондай-ақ туристік бірлестікті одан әрі нығайтып, Қытай-Орталық Азия туристік бағыттарын бірлесіп қалыптастыруды жалғастыратыны атап өтілген еді.

Үшіншісі-кедендік рәсімдеуді жеңілдету және тікелей бағытты арттыру. Өзбекстан 2021 жылдан бастап қытайлық туристер үшін визасыз режимді қабылдады. Қытай азаматтары жарамды төлқұжаты және барып-келетін немесе үшінші елге бару әуе билеті болса, 10 күндік визасыз мерзімге ие бола алады.

2023 жылдың қараша айында Қытай-Қазақстан визаларын өзара алып тастау туралы келісім ресми түрде күшіне енді және екі жақтың азаматтары бір-бірінің елінде 30 күнге дейін визасыз бола алады. Қырғызстан мен Тәжікстан Қытай азаматтарына электронды визаларды енгізуде. 2023 жылдан бастап Қытай-Орталық Азия бағытындағы тікелей рейстер бірінен соң бірі қайта жандана бастады, ал жаңа бағыттар үздіксіз жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта Орталық Азия елдерінің астаналарына немесе танымал туристік қалаларға Бейжің, Сиань, Чэнду, Үрімжі, Санья және басқа қалалардан тікелей рейстермен жетуге болады.

2023 жылы Қазақстанға барлығы 217 000 қытайлық турист барған. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 12 есе көп. Өзбекстанға барған қытайлық туристер саны 100 000-нан асса, ал Тәжікстанға барған туристер саны 390%-ға өсті.

Қытай-Орталық Азия туризмінің жандануы Қытай мен Орталық Азия арасындағы мәдени алмасулар мен ынтымақтастықтың маңызды жетістігі ғана емес, сонымен қатар Қытай халқы мен Орталық Азия халқы арасындағы байланыстың айқын көрсеткіші болып табылады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото