Шанхайда «Халықаралық транзиттік жолаушыларға арналған жарты күндік тур» басталды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 30 сәуір

30 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- «1 мамыр» мереке демалысы таяп келеді, көптеген шетелдік турист мақсатты жерлеріне Шанхай арқылы транзитпен өтеді деп күтіліп отыр. Туристерге ауысу жылдамдығын арттыру мақсатында жақында шетелдік туристердің келуін қарсы алу үшін «Шанхай халықаралық транзиттік жолаушылар үшін жарты күндік тур» атты алғашқы жоба іске қосылды.

28 сәуірде шетелден келген туристер тобы Шанхаймен танысу және Пудзянның түнгі көрінісін тамашалау үшін Юйюань, Бунд, Укан ғимараттарына және басқа да көрікті жерлерге баратын «Шанхайда жарты күндік тегін тур» жобасын сынап көрді.

Ақпараттарға сәйкес, алғашқы «Шанхай халықаралық транзиттік жолаушылар үшін жарты күндік тур» жобасын Ctrip Group компаниясының халықаралық бренді Trip.com шетелден келген жолаушыларға Шанхай туралы көбірек білуге ынталандыру үшін іске қосқан. Іс-шара келген туристерге бір терезе арқылы елге кіретін туристік қызметтерді, соның ішінде тегін тасымалдау, шет тілінде түсіндіру, шетел валютасын айырбастауды және тәулік бойы тегін мобильді интернетке қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото