Бейжіңде үшінші кезекті «Жібек жолының достық елшісін» марапаттау рәсімі өтті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 28 желтоқсан

28 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 27 желтоқсанда Қытайдың халықаралық мәдени алмасу орталығы мен Халық Газетінің «Global People» журналы бірлесіп бас болып ұйымдастырған және Қытай халықаралық мәдениет және өнер кампаниясы бірлесіп ұйымдастырған үшінші кезекті «Жібек жолының достық елшісін» марапаттау рәсімі Бейжіңде өтті. Қытай Халықтық саяси консультативтік жиналысының 13-інші мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары және Қытай халықаралық мәдени алмасу орталығының төрағасы Ян Чжуаньтан, Халық Газетінің президентінің орынбасары Ху Го, Қытай халықаралық мәдени алмасу орталығы төрағасының орынбасары Ли Баодунь, Хэ Цзяньчжу, Сю Лирон қатарлылар қатысты.

Бұл іс-шара «Бір белдеу, бір жол құрылысын салушылардың хикаясын айтуды» тақырып етіп, бүкіл әлем бойынша 100-ден астам үміткердің ішінен 11 «Жібек жолының достық елшісі» тобы таңдалды. Жеңімпаздар саясат, экономика, мәдениет, білім беру және денсаулық сақтау сияқты көптеген саланы қамтитын Азия, Африка, Еуропа, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка және Океанияның 10-нан астам елінен келді. Олар «Бір белдеу, бір жол» бастамасы бұл бастамаға қатысқан ел халқына пайда әкелетінін және барлық елдің халықтарына нақты өзгерістер әкелетінін толық көрсетті.

Іс-шараға 10-ға жуық елдің Қытайдағы елшілер, ел ішінде және шетелдегі «Бір белдеу, бір жолдың» достық адамдарынан 300-ден астамы жиналды. Жиналған жұрт достық елшілерінің «Бір белдеу, бір жолды» салу процесінде қарапайым адамдар арасындағы ерекше мәдениетаралық алмасулар туралы, сондай-ақ адамдар жүрегін тоғыстыратын Жібек жолының тарихы туралы әңгімелерді тыңдады.

Іс-шара өткізілген түні «Жібек жолы денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастық» және «Жібек жолы жастар кәсіпкерлігі бағдарламасы» атты екі ірі жоба да оқиға орнында лицензиялау және қол қою рәсімін өткізді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото