- Барлық ақпарат
Қытайлық «Қар айдаһары 2» зерттеу кемесі сапар барысында көмекке мұқтаж қайықшыларды сәтті құтқарды
14 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың 40-ыншы антарктикалық экспедиция миссиясын орындайтын «Қар айдаһары-2» Папуа - Жаңа Гвинея маңындағы суда көмекке мұқтаж кеме мен төрт экипажды құтқарды.
Бейжің уақыты бойынша шамамен 10 қараша 10:55-те «Қар айдаһары 2» Папуа-Жаңа Гвинея маңындағы суда кезекші офицер бір кішкентай қайықта біреудің киімдерін бұлғап, көмек қажеттігі туралы белгі бергенін байқайды. «Қар айдаһары 2» дереу құтқаруға кіріседі. Қайықтағы төрт адам Папуа-Жаңа Гвинеядан келген балықшылар екен. Жанармай қоры мен батарея қуаттағышының азаюы қайық қозғалысын шектеп, сыртқы әлеммен байланысты үзген. Осылайша балықшылар 9 сағат бойы су бетінде қалқумен болған.
Экспедициялық топ оларды азық-түлікпен, дизель отынымен қамтамасыз етіп, батареяларды қуаттады. Алайда, қанша әрекеттенсе де, қайықтың қозғалтқышы іске қосылмады.
Жергілікті құтқару кемесі жете алмағандықтан, экспедициялық топ көмекке мұқтаж қайықты «Қар айдаһары 2» - ге тиеп, оны белгіленген теңіз аймағына тасымалдауға шешім қабылдады. Бейжің уақытымен 11 қараша күні кешке экспедициялық топ қайық пен балықшыларды жергілікті қабылдаушы кемеге сәтті жеткізді.
people.cn © People's Daily Online