- Барлық ақпарат
Гуйянда «Гуйчжоу хикаясын әлемге таратайық» тақырыбында халықаралық тарату және алмасу симпозиумы өтті
27 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 26 қазанда Қытай Коммунистік партиясы Гуйчжоу өлкелік комитетінің үгіт-насихат бөлімі және Онлайн Халық Газеті бірлесіп «Гуйчжоу хикаясын әлемге таратайық» тақырыбында халықаралық тарату және алмасу бойынша Халықаралық симпозиум өткізді. Сонымен бірге Гуйчжоуда «Бір белдеу, бір жол» жастар алмасу жобасы - Еуразия елдері БАҚ өкілдерінің Гуйчжоумен танысу іс-шарасы басталды. Қытай Коммунистік партиясы Гуйчжоу өлкелік комитетінің үгіт-насихат бөлімі министрінің орынбасары және өлке үкіметі ақпараттық бюросының директоры Чэнь Бэньжун, Онлайн Халық Газеті партия комитетінің мүшесі және бақылау кеңесінің төрағасы Тан Вэйхун сөз сөйледі.
Биыл «Бір белдеу, бір жол» бірлескен құрылысы бастамасына он жыл толады. Соңғы 10 жылда «Бір белдеу, бір жол» бастамасы бейбіт даму туын жоғары көтеріп, серіктестерімен экономикалық қатынастарды белсенді дамытты. Бұл Қытайдың дамуы мен өркендеуіне ықпал етіп қана қоймай, халықаралық қоғамдастықтың алға жылжуына және жаңа халықаралық құрылу тәртібінің орнауына маңызды үлес қосты. Аталмыш симпозиумның мақсаты-жергілікті ерекшеліктерді белсенді пайдалану, «Бір белдеу, бір жол» бірлескен құрылыс моделіне терең ену, Гуйчжоудың халықаралық коммуникациялық әлеуетін жаңа деңгейге көтеруге ықпал ету және әр тарапты Гуйчжоудың халықаралық беделін кеңейту болып табылады.
people.cn © People's Daily Online