Мальта мұғалімі «Бір белдеу, бір жол» бастамасын жоғары бағалады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 13 қазан

13 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Мальтадағы Әулие Маргарет орта мектебінің мұғалімі және «Қытай мүйісінің» негізін қалаушы Martin Azzorpardi онлайн «Халық Газетіне» берген сұхбатында Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасын жоғары бағалады. Ол Қытай үкіметіне осы платформаны құрғаны және елдер арасындағы мәдени алмасулар мен ынтымақтастыққа ықпал еткені үшін алғыс айтты.

2020 жылы Martin Azzorpardi «Қытай мүйісі» және студенттермен бірге Қытай президенті Си Цзиньпинге хат жолдады. Хатта Қытай мәдениетіне құрметі және «Бір белдеу, бір жол» бастамасында қамтылған тағдыры ортақ адамзат қауымдастығы тұжырымдамасы үшін алғыс айтылды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото