2024 жылы отандық ауқымды круиздік кеме алғашқы коммерциялық рейсін бастайды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 20 қыркүйек

20 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Еліміздің отандық «Aida Modu» круиздік кемесі 2024 жылдың 1 қаңтарында Шанхайдағы Усункоу халықаралық круиздік портынан ресми түрде коммерциялық пайдалануды бастамақ. Бірінші рейстің билеттері 20 қыркүйектен бастап қолжетімді болады. Қонақтар Ida cruise ресми сайтынан немесе WeChat шағын бағдарламасынан билет алуына болады.

«Ida Modu» 19 қыркүйекте Шанхайдан солтүстік-шығыс Азияға жасайтын бағытын жариялады. Болашақта Қытайдан Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне круиздік маршруттар ашылады. Одан соң «теңіз Жібек жолы» сияқты орта және ұзақ мерзімді маршруттар іске қосылады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото