«Нишань кітап үйі» Қазақстанның Ұлттық кітапханасында ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 7 қыркүйек

7 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 4 қыркүйекте Қазақстан республикасы Ұлттық кітапханасының Қытай павильонында «Нишань кітап үйінің» ашылу салтанаты сәтті өтті. Іс-шараға Қытайдың Алматыдағы Бас консулы Цзян Вэй, Шаньдун достық баспасының басшысы Хэ Хуэйин, кітапхана директоры Б.Оспанова және Алматы қалалық мәдени бюросы директорының орынбасары Румаджериев қатысты.

Кітапхана басшысы Б.Оспанова Қытай павильоны кітапханадағы ең ірі шетелдік тәуелсіз павильон екенін айтты. Кітапхана басшысы «Нишань кітап үйінің» қосылуы кітап қорын байытып ғана қоймай, Қазақстандағы оқырмандар мен достарға жаңа шабыт пен жаңа таным сыйлайтынын жеткізді.

Баспагер Хэ Хуэйин «Нишань кітап үйі» Конфуцийдің туған жерінің атымен аталуы туралы таныстырды. Бұл Қытай және шетелдік өркениеттердің алмасуы мен өзара танылуына ықпал ету мақсатында баспа компаниясы құрған халықаралық бренд. Қазіргі уақытта компания әлемнің 28 елінде 70 кітап үйін іске қосты. Алматыда Орталық Азиядағы алғашқы «Нишань кітап үйі» келушілерге есігін айқара ашты. Шараға қатысушылар кітап үйінің Қытай-Қазақстан әдеби және мәдени алмасулардың жаңа тұғырнамасы болатынына сенімді екендерін білдірді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото