- Барлық ақпарат
Алашанькоу барған сайын гүлденіп келеді
6 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Алашанькоу - 2012 жылы құрылған жаңа порт. «Бір белдеу, бір жол» бастамасы ұсынылғаннан кейін, Алашанькоу «Жібек жолы экономикалық белдеуінің» негізгі аймағын салудағы маңызды түйінге айналды. Қазіргі уақытта 30 000-нан астам халқы бар Батыс шекарадағы бұл порт қаласы аймақ арқылы өтетін импорт-экспорт саудасы арқасында гүлденіп келеді.
Қазақстан азаматының екінші туған жері
2021 жылы Қазақстанның тумасы Бауыржан Сұлтанжелиевтің қызметі Қытайға ауысты. Бауыржан отбасымен Қазақстаннан Алашанькоуге қоныстанады.
Бауыржан жұмыс жасайтын Jiangtai компаниясының штаб-пәтері Беларуьссияда орналасқан. Жұртшылыққа қызмет көрсетуді жеңілдету мақсатында компания Қытайда филиалын ашты. «Орталық Азиядан, Ресейден, Беларуьс, Еуропа елдеріне жөнелтілетін күнделікті қолданыстағы тауарлар, электроника, машиналар мен жабдықтардың барлығы Қытайдан экспортталады. Алашанькоу арқылы Қытайдан жеткізілетін тауарлар Қазақстанның солтүстік қалалары арқылы Ресейге тікелей барады. Бұл географиялық жағынан оңтайлы», - деді Бауыржан.
Бауыржан 2010 жылы ата-анасының кеңесімен, Бейжің Тіл және мәдениет университетінің экономика және сауда мамандығы бойынша оқуға түседі. Алғашында қытай тілін үйрену қиын екенін білген кезде, үйренуге құлқы соқпайды. «Бірақ ата-анам мені қытай тілін үйренгеннен кейін жақсы жұмыс таба алатыныма сендірді. Әке-шешемнің айтқандарының дұрыстығына көзім жетті».
Қазақстан мен Қытайда тығыз экономикалық ынтымақтастық бар. Университетті Бауыржанмен бірге бітіргендер қазір Қытайда немесе Қытай-Қазақстан бірлескен кәсіпорындарда жұмыс істейді. «Жалақы, әдетте, елдегі құрдастарының алатынынан жоғары».
Қытай-Еуропа пойыздары мен порттарының географиялық артықшылықтары Алашанькоудың кәсіпорындарды баурайтын түйіні болып табылады. Шэньсидегі орналасқан Aiju Qinjiang азық-түлік компаниясын осы ыңғайлылық қызықтырды.
2015 жылы Aiju Qinjiang азық-түлік компаниясы ауыл шаруашылығы өнімдерін инспекциялау үшін Қазақстанға баруды көздеді. Жергілікті бидайдың сапасы өте жоғары екенін біліп, 2016 жылы бұл компания Қазақстанда зауыт салуға инвестиция салып, бидайды Қытайда өңдеу үшін импорттай бастады. Импортталатын қазақстандық бидай тікелей транзиттік қоймаға теміржол астық желісі арқылы түсіп, көлік шығындарын азайтты.
«Келіп түскен астыққа кедендік баж салығы бірден салынбайды. Фабрикада ұн өндірілгеннен кейін оны тасымалдау кезінде ғана баж салығы өтеледі. Бұл да шығын көлемін төмендетеді. Біздің табысымыз да жаман емес, пайда шамамен 10 миллион юаньды құрайды».
Толассыз қатынайтын Қытай-Еуропа пойыздары
Қытай-Еуропа теміржол бағыты ашылғаннан бері Алашанькоу арқылы 25 өлкені, автономды региондарды және орталық үкіметке тікелей қарайтын қалаларды қамтитын барлығы 111 маршрут ашылды. Теміржол көліктері 200-ден астам тауар түрін тасымалдауда.
«Бір белдеу, бір жол» бастамасының көмегімен Алашанькоуда вагондарды ауыстыру үшін теміржол депосы және автокөлік құралдарын тексеруге арналған үй-жай салынды. Шекаралық тексеру процесі интеграцияланып, кедендік ресімдеу мүмкіндіктерін жақсарту бойынша көптеген жобалар іске асырылды.
Шекаралық тексеру пунктінің кезекшісі, екінші топтың басшысы Хэ Цзянь елге кірер алдында көлік құралдарын тексеру бойынша арнайы бөлме жабдықталып, жолаушылар, сертификаттар мен көлік құралдары бірыңғай тексеруге біріктірілгенін хабарлады. Кәсіпорындар үшін уақытты үнемдеу - шығындарды үнемдеуді білдіреді.
Теміржол инспекциясына жауапты қызметкерлер де тәулігіне 24 сағат кезекшілікте болады. «Кез келген уақыттада тестілеуді» қамтамасыз ету үшін қызметкерлер теміржолға жақын жерде орналасқан. Тестілеу 20 минуттан жарты сағатқа дейін созылуы мүмкін (скрининг).
Алашанькоу қаласының Сауда-өнеркәсіп бюросы директорының орынбасары Чень Яньци былай деп еске алады: «2011 жылы жан-жақты еркін сауда аймағы құрылған кезде, бұл жер иен дала еді. Қазір бізде 700-ге жуық кәсіпорын бар. Біз импорттық ауыл шаруашылығы өнімдері мен жанама өнімдерден бастап, ет және түсті металдарды қайта өңдеудің жетекші саласына айналған жан-жақты еркін сауда аймағын құрдық».
people.cn © People's Daily Online