- Барлық ақпарат
«Шаньдун нөмірлі» алғашқы шетелдік құрастыру орталығы тұңғыш рет елге қайтатын пойызды жөнелтті
(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 4 қыркүйек
4 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- жергілікті уақыт бойынша 3 қыркүйекте 40 контейнер мен 1040 тонна арпа тиеген пойыз Алматы жөнелту станциясынан аттанды. Жеті күннен кейін ол Шаньдун өлкесінің Цзинань қаласына жетеді.
Сол күні Қазақстанның Алматы қаласында Қытай-Еуропа (Шаньдун) пойызының алғашқы шетелдік құрастыру орталығы – Бурундай станциясы ашылды.
Статистикаға сәйкес, 2018 жылдың қазан айынан бастап «Шаньдун нөмірлі» мен Орталық Азияның бес елі арасында барлығы 3707 пойыз жүрді. Өткен жылы теміржол арқылы тасымалданған импорт пен экспорттың құны 12,97 млрд юаньды құрады. Бұл Шаньдун мен Орталық Азияның бес елі арасындағы импорт-экспорт айналымы жалпы көлемінің 57,7%-ына тиесілі.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online