- Барлық ақпарат
Мәскеу хайуанаттар бағында панда күшігі туылды
(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 31 тамыз
31 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Ресей астанасы Мәскеу қаласының мэрі Собянин 30 тамызда Мәскеу хайуанаттар бағында Ресей тарихындағы алғашқы панда күшігі дүниеге келгенін айтты.
30 тамыздағы Қытайдың пандаларды қорғау жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығы Ресейдегі жергілікті уақыт бойынша 24 тамызда таңертең Ресейдегі Тинтин пандасы өзінің алғашқы баласын дүниеге әкелгені туралы жаңалықты жариялады. Бұл - Ресейде дүниеге келген алғашқы панда баласы. Қазіргі уақытта «Тинтин» мен баласы сау және қауіпсіз.
Мәскеу хайуанаттар бағының директоры Светлана Акулова панда баласының салмағы 150 грамм, жынысы әлі анық емес екенін айтты.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online