Қазақстан Премьер-Министрі: 2023 жыл Қазақстан-Қытай қатынастары үшін жемісті жыл болады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 31 тамыз

31 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 29 тамызда Қазақстан үкіметінің премьер-министрі Әлихан Смайылов Үкімет ғимаратында Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяомен кездесті. Чжан Сяо кездесуге уақыт бөлгені үшін премьер-министрге алғыс айтып, Қытай премьер-министрі Ли Цянның ыстық сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді.

Кездесу барысында ҚХР-ның Қазақстандағы елшісі Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында Астанада жариялаған «Бір белдеу, бір жол» бастамасына биыл 10 жыл толатынын еске алып, осы орайда екі тарап кездесуінің маңызын атап өтті. «Қытай мен Қазақстан «Бір белдеу , бір жол» бірлескен құрылысында жақын әріптестер болып табылады. Бірлескен құрылыс екі ел халқына үлкен пайда әкелді. Осы жылдың наурыз айында мен мәртебелі премьер-министрмен екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамыту туралы терең пікір алмасқан едім. Қаңтардан шілдеге дейін Қытай мен Қазақстан арасындағы тауар айналымының көлемі 21,89 млрд АҚШ долларына жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,8%-ға ұлғайды. Сол сияқты екі ел арасындағы прагматикалық ынтымақтастық қарқынды дамуға қадам басты»,-деді Чжан Сяо.

ҚХР-ның Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо

ҚХР-ның Қазақстандағы елшісі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мамыр айында Қытайға сәтті сапары Қытай-Қазақстан қатынастарының даму тарихындағы маңызды оқиға болғанын атап өтті. «Екі елдің мемлекет басшылары Қытай мен Қазақстан арасындағы тағдыр қауымдастығын құру және Қытай-Қазақстан қатынастарының жаңа «Алтын 30 жылын» дамыту жолын белгілеп, нақты іс-шаралар тізбегін тұжырымдады. Бұл біздің болашақ жұмысымызға арналған нұсқаулық. Жылдың екінші жартысын асыға күткен екі тарап та бірқатар маңызды мемлекеттік шаралар өткізеді. Мен Қытай-Қазақстан қарым-қатынастары сөзсіз сапалы нәтижелерге қол жеткізетініне сенемін».

Әлихан Смайылов Қазақстанда «Бір белдеу, бір жолдың» құрылғанына он жыл толуына орай Чжан Сяомен кездескеніне өте қуанышты екенін жеткізді. Қазақстан екі ел мен екі ел халқының игілігі үшін «Бір белдеу, бір жол» шеңберінде Қытаймен өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге дайын. Ол ҚХР премьер-министрі Ли Цянмен танысуды асыға күтетінін айтты.

ҚР премьер-министрі осы жылдың мамыр айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапары Қазақстан-Қытай арасындағы тұрақты әрі жан-жақты стратегиялық әріптестіктің дамуына қуатты серпін бергенін атап өтті. Қазақстан тарапының мәліметіне сәйкес, былтыр екі ел арасындағы өзара сауда 34%-ға өсіп, рекордтық көрсеткішке – $24 млрд-қа жеткен. Бірінші жартыжылдықтың өзінде табыс 20%-ға артып, $13,6 млрд-ты құрады. Сонымен қатар 2030 жылға қарай екіжақты сауда көлемін $35 млрд-қа дейін жеткізу бойынша жұмыстар жалғасуда. Соңғы 17 жылда Қытайдан келген инвестицияның жалпы көлемі $23,5 млрд-қа жетті. «Инвестиция көлемін арттыру бойынша үлкен әлеуеттің бар екенін көріп отырмыз. Біз Қытайдың инвестициялық қоғамдастығын бірлескен жобаларға белсенді қатысуға шақырамыз», — деді Әлихан Смайылов.

Чжан Сяо жақында Қазақстанға келген бірқатар Қытай кәсіпкерлерінің өкілдерімен кездесіп, Қытай-Қазақстан қатынастарының сапалы дамуына қосқан үлесі үшін премьер-министр Ә.Смайыловқа алғысын білдірді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото