Балғын Ганьсу раушандары Қазақстанға экспортталды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 30 тамыз

30 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Ганьсу өлкесінің Линься Дүңген автономды облысынан 6000 тал жаңа кесілген раушан гүлі Қазақстанға ұшақпен жіберілді. Бұл балғын Линься раушандарының алғашқы экспорты.

Жаңа гүлдердің қауіпсіз және жылдам жөнелтілуін қамтамасыз ету үшін Линься Baiyi Yinong халықаралық гүл порты бүкіл процесте кепілдік етті. Атап айтқанда шапшаң қабылдау және тасымалдау, тұрақты температурада сақтау, тиісті процедуралардан жылдам өту, сондай-ақ тиеу және жеткізу шараларын атқарды. Бұл жолы алғашқы шетелдік тапсырыс Қазақстанға жөнелтілді. Жиыны 4 000 АҚШ доллары сомасындағы 10 000-нан астам гүл экспортталды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото