- Барлық ақпарат
Қытайлық компания Қазақстанда электромобиль құрастыратын зауыт салуға ниетті
(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 22 тамыз
Көлік құрастыратын қытайлық компания Қазақстанның Абай облысында жаңа зауыт салуға ұсыныс білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Абай облысы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, өңір әкімінің орынбасары Димитрий Гариков және әкімдіктің құрылымдық басқарма басшылары қытайлық Geely компаниясының өкілдерімен кездесті.
«Сонымен қатар Geely компаниясының өкілдері Семей қаласының аумағында электромобиль құрастыратын зауыт салу мәселесін көтерді. Бұл бағытта келіссөздер ары қарай жалғасады. Бұдан бөлек, компания әртүрлі кластағы автобустар, таксилер мен электр қуаттандыру стансаларының жабдықтарын өндіруді ұсынып отыр», - делінген ақпаратта.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online