- Барлық ақпарат
Шыңжаңдық сыбызғышы: Жайлаудың қоңыр әуені
21 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Жайлау Тауұлы сыбызғыны (қазақтың дәстүрлі үрлемелі музыкалық аспабы) аузына апарып баяу үрлеп еді, лықсып шыққан әуен ықылымның сырын шертіп, ырғақты әуезімен шөптің сонысын, судың тұнығын қуалаған ежелгі көшпелі қазақтың дәстүрлі тұрмысын көз алдыға елестетті.
«Сыбызғы - Шыңжаңдағы қазақтардың тарихи музыкалық аспабы. Домбыра мен қобыз сияқты ұрпақтан-ұрпаққа таралып келе жатқан қазақтың музыкалық өрнектерінің бірі», - дейді Шыңжаңдағы Санжы дүнген автономды обылысының Халық өнерпазы Жайлау Тауұлы. Оның айтуынша, сыбызғының домбыра мен қобыздан айырмашылығы - сыбызғы салыстырмалы түрде жоғары орындау шеберлігін қажет етеді. Орындау барысында тыныс алу мен үрлеу бірге жүретіндіктен, салыстырмалы түрде тым аз адамдар орындау шеберлігін игере алады.
Сыбызғының шығу тегі туралы айта отырып, Жайлау Тауұлы журналистерге бұл сонау көшпелі кезеңнен бастау алатынын айтты. Мал жайып жүріп, малшылар қамыс түтігін немесе қайың бұтағын сындырып, 3, 4, 5 немесе 7 дыбыстық тесіктерді теседі. Осылайша, аң аулап немесе мал жайып жүріп олар табиғатқа, өмірге көзқарастарын, ерекше сезімдерін, адам мен табиғаттың үйлесімді өмір сүруін музыка тілімен бейнелеп, дала халықтарының бай ішкі әлемін өрнектеген.
«Мысалы, «Бозінген» күйін айтсақ, бұл жас ботасын су ағызып кеткен аруананың қайғылы күйін көрген малшының шығарған әуені», - дейді Жайлау Тауұлы.
Шеберлігін шыңдай түсу үшін ол көптеген жерді аралып, сыбызғышыларға барып, олардан тәлім алды. 2019 жылы досының таныстыруымен ол алғаш рет автономды регион деңгейіндегі сыбызғышы, мәдениет мұрагері Бейілхан Қалиәкбарұлын іздеп барады, ол ел іші-сыртына танымал Халық өнерпазы.
Бейілхан Қалиәакбарұлы оны шәкірт етіп қабылдады. Бейілханның жетелеуімен Жайлаудың орындау шеберлігі әр қырынан ашылады.
«Егер жел соғып тұрса, сыбызғының дыбысы тым алысқа дейін таралады, түйелер мен жылқылар оған өте сезімтал», - дейді Жайлау Тауұлы журналистерге. Қазір ол техникалық құралдар арқылы үйренген репертуарды жазып қана қоймай, сонымен қатар бейзаттық мәдениет мұрагері атануға да белсенді жұмыс атқарып келеді. Ол осы бір көненің көзіндей далалық әуен қазіргі қоғамда жаңа кеңістік пен аудитория таба алады деп сенеді.
people.cn © People's Daily Online