Жақында арман арқалап атқа қонған қазақ баласы туралы фильм жарыққа шығады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 18 тамыз

18 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 9 тамызда Тяньшань киностудиясы құрған және түсірген «Қамшы» атты балалар фильмінің көрсетілімі 8 қыркүйекке жоспарланғаны белгілі болды. Фильмде қазақтың кішкентай баласы Аңсардың арманы үшін атқа қонғаны туралы баяндалады.

Мәліметтерге сәйкес, «Қамшы» фильміне көптеген кәсіби емес актерлер, әсіресе Алтай мен Іленің жергілікті оқушыларынан тұратын бірнеше талапты балалар түскен. Көңілдері риясыз бала актерлер фильмді қарапайым және табиғи ете түсті. Фильмнің режиссерлері Дон Синьвэнь мен Шапағат Мұратұлы: «Кәсіптік шектеулер болмағандықтан, балалардың бейнесі қарапайым әрі жаңашылдығымен, табиғи тартымдылығымен ерекшеленді. Бұл да фильмге дара сипат берді», - дейді.

«Қамшы» қазақтың ат үсті мәдениетін, барлық этникалық топтардың өзара жарасымы мен көпұлттың тоғысқан бейнесін арқау еткен. Кино ынтымақты, үйлесімді, отырақтасқан, экологиясы тамаша көркем Шыңжаңды тамаша жеткізіп береді.

Мәліметтерге сәйкес, фильм China Golden Rooster&Hundred Flowers кинофестивалінде және Бейжің халықаралық кинофестивалінде көрсетілген. Сонымен қатар Бейжің халықаралық кинофестивалінде және университет студенттеріне арналған 30-ыншы кинофестивальде «Жалынды жастық шақ» атты көрнекті отандық фильм марапатына ие болды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото