- Барлық ақпарат
Азия-Еуропа тауар жәрменкесінде Қазақстанның ұлттық павильоны ашылды
18 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 17 тамызда Шыңжаң Ұйғыр автономиялық регионы Үрімжі қаласында 2023 жылғы (Қытай) Азия-Еуропа тауар жәрмеңкесі (бұдан әрі «Тауар жәрмеңкесі» деп аталады) ашылды. Қазақстан мен Пәкістан ұлттық павильондарының ашылу салтанаты Шыңжаң Халықаралық конгресс-көрме орталығында өтті. Қазақстанның ұлттық павильонының ашылу салтанатына Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Саяси Бюросының мүшесі және Шыңжаң Ұйғыр автономиялық регионы ҚКП комитетінің хатшысы Ма Синжуй қатысты.
Мәліметтерге сәйкес, 2023 жылғы тауар жәрмеңкесінде инвестициялық ынтымақтастық, импорттық тауарлар және тауар саудасы үшін 70 000 шаршы метрлік үш негізгі көрме алаңы жоспарланды. Импорттық тауарлардың көрме аймағы 8000 шаршы метрден асады. Қазақстан мен Пәкістан ұлттық павильоны импорттық тауарлардың 4 көрме аймағы залында орналасқан. Олардың ішінде Қазақстан ұлттық павильонының жалпы ауданы 180 шаршы метр. Бұл бұрынғы тауар жәрменкелерінің ішінде Қазақстанның көрме алаңы ең үлкен жәрменке екендігін көрсетті.
«Біз Шыңжаң және әлемдегі кәсіпорындармен сауда алмасуға үміттеніп, жоғары сапалы және экологиялық таза қазақстандық өнімдер ұсынылатын көрмеге қатысу үшін, Қазақстанның тамақ және жеңіл өнеркәсібінің 40-тан астам жетекші кәсіпорындарын ұйымдастырдық»,- деді Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Qaztrade сауда саясатын дамыту орталығы бас директорының орынбасары Әсел Егембердиева. Ресми өкіл осы көрмедегі қазақстандық жоғары сапалы өнімдерді жете таныстырып, өнім түрлерін Шыңжаңға, тіпті бүкіл Қытай нарығына енгізуді ойластыратындарын жеткізді. Көрмеден басқа, қазақстандық делегация мәдени қойылымдар өткізеді. Атап айтқанда қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татқызып, өзге де іс-шараларды ұйымдастырады.
people.cn © People's Daily Online