Сянган мен Қазақстан білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 18 тамыз

18 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- ҚХР Сянган Арнайы Әкімшілік регионы Үкіметінің Білім беру бюросы мен Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігі екі тарап арасындағы білім беру саласы бойынша ынтымақтастықты нығайту мақсатында, 17 тамыз күні Сянганда білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік Меморандумына қол қойды.

Меморандумға Сянган Үкіметінің Білім бюросының директоры Цай Жуолянь мен Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек өкіл ретінде қол қойды. Өзара шаралар кәсіби дағдылар мен тәжірибе алмасуды, ғалымдар, оқытушылар, сарапшылар, білім алушылар және басқа да оқу орны құрамымен әр тарапты алмасуды қамтиды.

Сянган Үкіметінің Білім беру бюросы 2016/17 оқу жылынан бастап «Бір белдеу, бір жол» стипендиясын (шәкіртақысын) тағайындады. Бұл осы тарапта орналасқан елдер мен аймақтардың үздік білім алушыларын Сянганда бакалавр дәрежесін алуға ынталандырады. Меморандумға қол қойылуына сәйкес, 2024/25 оқу жылынан бастап жыл сайын 10 қазақстандық студент арнайы стипендия (шәкіртақы) алатын болады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото