Қытай автомобильдерінің Қазақстан нарығындағы сұранысы жоғары

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 17 тамыз

17 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Соңғы жылдары Қазақстанда Қытай брендтерінің автомобильдерінің танымалдығы артып, сатылымы айтарлықтай өсу тенденциясын көрсетті.

Осы жылдың сәуір айынан бастап Қазақстандағы жергілікті зауыттардың конвейерінен бірінен соң бірі 150 Yutong автобустары шығарылды. Олар Қазақстанның қоғамдық көлік жүйесіне жаппай жеткізілетін болады. Қазақстанда Chery, Changan және Haval сияқты қытайлық автомобиль брендтерінің құрастыру зауыттары 2025 жылы бірінен соң бірі пайдалануға беріліп, жалпы жылдық шығарылымы 90 000 автомобильге жетеді деп жоспарлануда. Сондай-ақ JAC, Lifan, BYD және басқа да маркалы автомобильдер де Қазақстан нарығында кеңінен танымал болды.

Алматы халықаралық тораптық бекеті Орталық Азиядағы ірі халықаралық кешенді көлік-логистикалық орталықтарының бірі болып табылады. Соңғы жылдары цифрлық технологияларды пайдаланудың арқасында осы Алматыдағы бекет арқылы Қытайдың жаңа энергиялық автомобильдерін қамтыған Қытай-Еуропа пойыздарының тауарлары Қазақстанның барлық аумақтарына жетеді. Сондай-ақ Орталық Азия мен Еуропаға да осы бағыт арқылы жөнелтіледі.

«Қытай-Еуропа Батыс теміржол дәлізі тек теміржол магистралі ғана емес, сонымен қатар мультимодальды көлік дәлізі», - дейді Қытайдың Алматыдағы Бас консулдығының коммерциялық кеңесшісі Лу Аньци. Қазақстан - Қытай-Еуропа пойызының Батыс теміржол дәлізін сөзсіз басып өтетін жолы. Қазіргі уақытта Алашанькоу және Қорғас порттарынан шығатын және Қазақстан арқылы батысқа қарай өтетін Қытай-Еуропа пойызы Батыс теміржол қатынасының екі желісі бойынша жұмыс істейді. Олардың ішінде солтүстік желі Ресей Сібір магистралімен байланысқан. Ал оңтүстік желі Еуропа елдеріне Транскаспий теңізінің халықаралық көлік дәлізі немесе Түрікменстан, Иран, Түркия және басқа елдер арқылы жетеді.

«Қытай-Еуропа пойызының дөңгелектері тоқтаусыз зымырай береді», - деді Лу Аньци.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото