Биыл Алашанькоу порты арқылы 4000-нан астам Қытай-Еуропа пойызы өтті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 7 тамыз

7 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің Қытай теміржолы Үрімжі бөлімшесінен алған ақпаратына сәйкес, 5 тамыздағы жағдай бойынша биылғы жылы Алашанькоу теміржол порты арқылы өткен Қытай-Еуропа пойызының саны 4000-нан асқан. Сөйтіп өткен жылмен салыстырғанда 4000-дық көрсеткішті 25 күн бұрын орындады.

Осы жылдан бастап Қытай-ЕО пойыздарының «Достық шеңбері» кеңейіп, тасымалдау сапасы айтарлықтай жақсарып келеді. Шыңжаң арқылы өтетін Қытай-Еуропа пойыздарының саны артып, Алашанькоу теміржол порты торабының рөлі барған сайын ұлғайып, Қытайдың батысындағы қарбалас құрлық «портына» айналды.

Қазіргі уақытта Алашанькоу теміржол порты арқылы жалпы 109 Қытай-Еуропа теміржол желісі өтеді. Олар Германия, Польша сияқты 21 елге жалғасып жатыр. Тасымалданатын жүк түрлеріне автомобильдер мен аксессуарлар, мақта, ағаш сияқты 8 санаттан тұратын 200-ден астам бұйым кіреді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Renato Lu)

Фото